Жол сілтеуші: Өз емханаңызды таңдаңыз!

Емханаға тіркелу не үшін қажет?

Емхана – бұл алғашқы медициналық көмек көрсететін медициналық мекеме.

Пациент емханадан қандай қызметтерді ала алады?

Бұл - учаскелік дәрігер мен арнайы мамандардың қабылдауы, дәрі-дәрмектік ем-шараларды тағайындау, диагностика және медициналық тексеріп-қараулар, балалар патронажы және жүкті әйелдерді емдеу, дәрігерді үйге шақыру, «Емханаға жатқызу бюросы» порталы арқылы стационарға емдеуге жіберу.

Басқаша айтқанда, емхана –  бұл, қандай да бір медициналық көмек алу үшін «кірер қақпа», сондықтан алғашқы медициналық ұйымды таңдай білу және озіңіздің қай жерде тіркелгеніңізді тексеру өте маңызды. Мұндай жағдайларда медициналық қызмет көрсетуде қиындықтар туындайды.

Пациенттің дәрігер мен емхананы еркін таңдауы құқығын пайдалана отырып, біздің азаматтар бір қала немесе елді мекен шегінде тіркелген мекенжайы бойынша да, тұрғылықты жері бойынша да алғашқы медициналық көмек көрсететін емханасын таңдай алады. 

Алайда, уақытша немесе тұрғылықты қызмет көрсететін емхананы таңдау кезінде оның өз үйіңізге жақын болуын ескеруді ұмытпаңыз.

Емхана неғұрлым жақын орналасса, Сіз ғана емес, үйге шақырған кезде Сіздің емдеуші дәрігеріңізге де тез жетеді.

Емханаға тіркелуді қалай рәсімдеуге және тіркелгендігіңізді тексеруге болады?

Сонымен, Сіз емхананы таңдадыңыз. Оған қалай тіркелеміз?

Бұл өте оңай. Сіз емханаға барып, тіркеу бөліміне жолығып, медициналық мекеменің бас дәрігерінің атына еркін түрде өтініш жазып, жеке басыңызды куәландыратын құжаттың көшірмесін (төлқұжат, туу туралы куәлік) өткізе аласыз. 30 минуттың ішінде Сіздің емханаға тіркелуіңіз ресімделеді. Сіз туралы деректер «Тіркелген халық тіркелімі» порталына енгізіліп, сіздің аты-жөніңіз ресми түрде медициналық қызмет көрсету жолында пайда болады.

Емханаға тіркелудің екінші тәсілі ғаламторды пайдаланушылар үшін ыңғайлы болмақ. «Электрондық үкімет» порталы арқылы (Egov.kz) азаматтың ЭЦҚ-мен расталған деректерді көрсете отырып, электрондық құжат нысанында сұрау салу берген жөн. Емханада жауапты қызметкер тиісті ақпараттық жүйеден электрондық сұрау салу алады және Сіздің тіркелгендігіңіз туралы талоныңыз электрондық түрде ресімдейді.

Тұрғылықты жеріңіз бен Сізді автоматты түрде тіркеген емхананың сәйкес келмеуі секілді «түсініксіз жағдайлар» орын алмауы үшін, ақпаратты өз ЖСН-ыңызды білсеңіз Egov порталы арқылы «Емхананы таңда» бөлімінен тексере аласыз.

Есіңізде болсын, адам тек бір ғана емханаға тіркеле алады, қатарынан бірнеше емханада тіркелу мүмкін емес. Азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек алу үшін медициналық мекемеге тікелей өз өтінішімен тіркелген кезде, бұған дейін алғашқы медициналық-санитарлық көмек алу үшін тіркелген медициналық ұйымнан автоматты түрде тіркеуден шығу «Тіркелген халық тіркелімі» порталының дерек қоры арқылы жүзеге асырылады.

Азамат дәрігер мен емхананы еркін таңдаған кезде, емханаға тіркелу мен тіркеуден шығу жылына  бір рет қана жүзеге асырылады.

Денсаулық жағдайына байланысты өз бетінше емханаға келе алмайтын адамдар, олардың емхана мекенжайына жазған жазбаша өтініші бойынша тіркеле алады.

Шұғыл жағдайларда жүгінген кезде сіз кез келген емханадан, оған тіркелмей-ақ, қызмет ала аласыз, келесі жүгінген кезде көрсетілген  құжаттарды ұсына отырып, емханаға тіркелуіңіз қажет.

Егер, адам денсаулық жағдайына және аурудың сипатына қарай емханаға келе алмаса, оған медициналық көмек үйде көрсетіледі. Дәрігерді үйге шақыру  тікелей телефон арқылы немесе электрондық цифрлық қолтаңбасыз «Электронды үкімет» порталы арқылы, онлайн жүгінген кезде жүзеге асырылады. Жүгінгеннен кейін, тіркеу бөлімінің қызметкері дәрігердің келетін уақытын хабарлайды. Дәрігер үйге шақырған күні келеді.

Әр емхана өзіне тіркелген халықтың денсаулығы үшін жауапты!

Сіздің емханаңыз – МӘМС жүйесіне «кірер қақпа»!

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысу үшін Сіздің емханаға тіркелуіңіз өте маңызды. Денсаулық сақтау жүйесіне тек емхана арқылы ғана есік ашылады, және де сақтандырылған азаматтардың болашақта сақтандыру медицинасы шеңберінде медициналық қызметтердің пакетін пайдалануы осыған байланысты болмақ.

Тіркеу науқаны барысында еліміздің әр тұрғыны өзінің бастапқы медициналық ұйымға тиістілігін тексеріп қана қоймай, өзінің мәртебесі туралы да айтуы тиіс. Сіз кімсіз? – Жалдамалы жұмысшысыз ба, жеке кәсіпкерсіз бе, өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматсыз ба, ресми табысы жоқ азаматсыз ба немесе еш жерде тіркелмеген жұмыссыз адамсызба?

Сақтандырылған азамат ретінде мәртебе алу кезінде және қажетті медициналық көмек алған кезде қиындықтар туындамауы үшін, осының барлығын қазір анықтау маңызды.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу шарттары туралы барлық ақпаратты, жарна мөлшерлері мен төлем кестесі туралы барлық мәліметтерді өз емханаңыздың тіркеу бөлімінен немесе арнайы кабинеттің медицина қызметкерлерінен біле аласыз.

Медициналық сақтандыру туралы жақын маңдағы емханадан консультация алыңыз!