Құрметті пациенттер!

Елімізде «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жоғары технологиялық медициналық қызметтер тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

Сонымен қатар, мемлекеттің тиімді әлеуметтік-экономикалық саясатының арқасында    біздің елімізде әлі де жетілдірілмеген немесе көрсетілмейтін жоғары технологиялық қызметтерді алу үшін  пациенттерді шетелде ем алуға жолдау мүкіндіктері жүзеге асырылды. 

Бұл бағдарлама  қиын ауруларға медициналық көмекке қол жетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған.   

Егер Сізде  немесе сіздің балаңызда Қазақстан  Республикасының  Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен бекітілген  аурулардың тізбесіне (бұдан әрі – Тізім)  енгізілген аурулар  болған жағдайда  бюджет қаражаты есебінен  шетелде ем ала аласыз  (нормативтік құқықтық актілерге сілтеме).

Жоғарыда келтірілген тізімге кіретін  ауру  расталған   жағдайда,  сондай-ақ,  медициналық  мекемелерде  қолдануға рұқсат етілген барлық диагностикалау қолданылса және емдеудің әдістері оң  әсері болмаған жағдайда, Сіз тұрғылықты  жеріңіздегі  бейінді маманға бейінді   республикалық денсаулық сақтау ұйымына жолдама алу үшін жүгінуіңізге болады.      

Сәйкесінше, республикалық ұйым пациенттің құжаттары мен шетелде емделу қажеттілігі туралы қортындыны Қазақстан Республикасының азаматтарын бюджет қаражаты есебінен шетелге  емдеуге жіберу туралы Жұмыс тобына (бұдан әрі - Жұмыс тобы) енгізеді.

Науқастың құжаттар  пакетін  алған күннен бастап  Жұмыс тобы шетелде емделуге өтініш берген науқастардың күту коды тізіміне  пациент туралы деректерді Күту тізіміне  енгізеді және шетелдік клиникалар іздестіруді жүзеге асырады. 

Құжатты қарау туралы толық ақпарат алу үшін сіз “Univercity Medical center” корпоративтік қорының umc.org.kz ресми сайтына тіркеліп, Жеке кабинет  құруыңыз қажет.

Шетелге емделуге жіберу туралы шешімді  Қазақстан Республикасының азаматтарын жіберу бойынша Қазақстан Республикасының  Денсаулық сақтау министрлігінің Комиссиясы Жұмыс тобының жолдау маңыздығы мен кезектілікті есепке ала отырып ұсынған құжаттар пакетінің негізінде қабылдайды.       

Комиссияның оң шешімі қабылданған жағдайда Жұмыс тобы шетелдік медициналық ұйымдармен бюджет қаражаты есебінен медициналық қызмет көрсету үшін келісім жасасады. 

Қосымша сұрақтарыңыз туындаған жағдайда Жұмыс тобының мамандарына хабарласа аласыз («Байланыс ақпараты» сілтемесі).

2015 жылғы 11 наурызында Астана қаласында өткен «Нұр Отан» партиясының кезекті XVI съезінде ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайлауалды бағдарламасы ретінде Қазақстанды өркендету жолындағы Президенттің бес халықтық реформасы ұсынылды.

«Жалпыға ортақ еңбек қоғамы» әлеуметтік саясатқа бет бұрып, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясатының барлық міндеттерін шешу және «Қазақстан-2050» стратегиясының басты мақсатына қол жеткізу үшін жария етілген «Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет: бес институционалдық реформа»  бес маңызды бағытты қамтиды:

1.Баршаға бірдей осы заманғы мемлекет;
2.Заңның үстемдігі;
3.Орнықты экономика;
4.Болашағы біртұтас ұлт;
5.Ашық және халыққа есеп беруші мемлекет.

2015 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Президенттігіне кезектен тыс сайланған Н.Ә.Назарбаев Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссиясын құрып оның мақсатын – кезең-кезеңімен осы бес реформаны жүзеге асырып, мемлекеттік органдар, бизнес пен азаматтық қоғамның іс-әрекеттерін үйлестіру деп белгіледі.

Комиссияның бірінші отырысында Қазақстан Республикасының Президенті бес реформа бойынша   «Мемлекеттік құрылыстың одан арғы 100 нақты қадамы» атты Ұлт Жоспарын ұсынды.

«100 қадам» – бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге, сонымен бір мезгілде жаңа тарихи жағдайларда 30 дамыған мемлекеттің қатарына ену жоспары.

Реформаларды жүзеге асыру – алда тұрған 10-15 жылға бірінші кезекті жалпыұлттық міндет.

Реформалар жоспары - Ұлт Жоспары, өйткені, реформалар Қазақстанның әрбір азаматының тікелей қатысуын талап етеді. Реформалар – тек мемлекеттік машинаның ғана емес, халықтың ісі болып отыр.

Реформалардың мәні – ұлтты жаңғырту.

Индустрияландыру және экономикалық өсім бөлігіне жатқызылған реформа қадамдары ауыл шаруашылығы саласында да қамтиды.

Яғни, сүт және сүт өнімдері өндірісін дамыту үшін стратегиялық инвесторлар тарту.

Негізгі міндет: үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шығарылатын өнімдерінің жартысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету. Жұмыс селода кооперативтік өндірісті дамыту арқылы жаңазеландиялық Fronterra және даниялық Arla үлгісімен ұйымдастырылуы қарастырылып отыр.

Шикізат базасын дамыту және өңделген өнімдерді экспорттау мақсатында ет өндірісі мен өндеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту.

Бизнес-көшбасшыларды айқындау ноу-хау трансфері үшін біліктілік орталықтарын құру мүмкіндігін пайдалана отырып, экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «Ұлттық чемпиондар» белсенділігін жүзеге асыру.